Алматыда прокуратура, полиция және Алмалы ауданы әкімдігі мамандары тексеріске шықты. Мобильді топ қалада жасырын жұмыс істеп жатқан кафелер мен мейрамханаларды анықтау үшін ауқымды рейд жүргізді. Тексеру барысында карантин кезінде тыйым салынғанына қарамастан кәсібін жалғастырып жатқандар анықталды. «Төле би көшесінде орналасқан «Хан Кебаб» кафесінің иесі Равшан Гасанов әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Іс материалдары жиналып, сотқа жөнелтілді. Сондай-ақ, Шевченко көшесіндегі «Веселидзе» кафесі қожайынын да жауапкершілікке тарттық. Ол бойынша да тиісті құжаттар жиналған соң, істі ары қарай сот шешеді», – деді Алматы қаласы Алмалы аудандық кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Гапур Бақтияров. Кафе иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Құқық бұзғандарды айыппұл күтіп тұр. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ