«Қанатымды қайырмаған»: Қайрат Нұртас анасына ерекше сый жасады (видео)

Желі қолданушылары Қайраттың бұл әрекетіне сүйсініп жылы лебізін білдіріп жатыр.

Әнші Қайрат Нұртасы анасы Гүлзира Айдарбековаға ерекше сый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі анасына гүл шоқтарын ұсынып жатқан сәттегі видеоны әлеуметтік желіде парақшасында жариялады.

"Қадірімді биіктетіп, қанатымды қайырмаған, "Құлыным" деп уайымдаған Ана", - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары Қайраттың бұл әрекетіне сүйсініп жылы лебізін білдіріп жатыр. Сонымен қатар оның танымал әнші болуына анасы мол үлес қосқанын атап өткен.

"Осылай биіктерден көрінуің бірінші Алла, екінші Анаңның еңбегі де зор деп білемін! Анасын сыйлаған алысқа барады", "Ананы сыйлаған баланың жолы әрқашан ашық болады, Қайраттың тәрбиесіне риза боламын, Алланың махаббатына бөлене бер, тіл көзден аман жүрші алтын бала", "Осы кісінің арқасы легенда боп отқаныңыз", "Анаңызға ұзақ ғұмыр тілеймін! Сіздің үлкен сахнадан ойып тұрып орын алуыңызға орасан зор үлесін қосқан жан", - деп жазды оқырмандар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.