Тарихи өзгерістердің жаңа тарауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық дең­гейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республика­лық форумында сөз сөйледі.

Президент бұл басқосудың еліміз үшін мән-маңызы айрықша екенін атап өтті. Жиында кешенді саяси, эко­номикалық реформаларды іске асыру­да­ғы, сондай-ақ мемлекетті басқару жүйе­сіндегі мәслихаттардың рөлі тал­қыланды.

– Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда кең ауқымды, тарихи өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Игі бастамалардың бәрі де халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қолға алынды. Біз мемлекеттік бас­қару жүйесін, экономиканы және әлеу­меттік саланы түбегейлі жаңғыр­ту­ға кірістік. Бұл орайда, мәсли­хат­тар­дың алдында тұрған миссия – айрық­ша. Өкілді органдарды күшейту мем­­­лекеттік саясаттың негізгі басым­ды­ғы болып қала береді. Біз бұған дейін біраз шаруа атқардық. «Қуатты ай­мақтар – қуатты ел» қағидатына сәй­кес, мәслихаттардың беделін кө­тер­­дік. Соның арқасында осы құры­лым­дар мемлекеттік басқару жүйе­сін­дегі басты институттың біріне ай­нал­ды. Дегенмен мәслихаттардың әлеуетін одан әрі күшейту үшін бірқатар мін­дет­ті орындауымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиында Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ, Алматы облысындағы «Дәу­лет-Бекет» жауапкершілігі шектеулі се­рік­тестігінің жетекшісі Сыдық Дәу­ле­тов, Мәжіліс депутаты Константин Авер­шин, Алматы қалалық мәсли­ха­тының төрағасы Мейіржан Отыншиев, Петропавл қалалық мәслихатының де­путаты Елена Семидоцких, Жетісу об­лыстық мәслихатының депутаты Гүл­нәр Тойлыбаева, Павлодар об­лыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко, Маңғыстау облысы Бей­неу аудандық мәслихатының төрағасы Ардақ Бораш, Ақтөбе қалалық мәс­ли­хатының депутаты Аслан Қайырғалиев сөз сөйледі.