Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовті құттықтады

Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовті Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады.

Президент спортшының табан­ды еңбек пен ерік-жігердің арқа­сын­да қиын жолды еңсеріп, кере­мет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық. 

Қазақстан құрама командасы­ның ту ұстаушысы бұған дейін шаң­ғы жарысынан Паралимпиада­ның қола жүлдегері атанған бола­тын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажы­мас қайрат және зор денсаулық ті­леді.