«Жанжалға әкелуі мүмкін, бірақ шындықты айтуымыз керек»: Баян Алагөзова жаңалығын жариялады (видео)

KeshYou тобына қатысты жаңалықты жариялады.

Продюсер Баян Мақсатқызы KeshYou тобына қатысты жаңалықты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол KeshYou тобының 20 жылдығына орай деректі фильм түсіріліп жатқанын айтты.

"20 жыл деген екі жыл емес. Бұл KeshYou тобының үлкен өмір жолы, бай тарихы. Біздің көрсетеріміз, айтарымыз, үйретеріміз және үйренеріміз бар. Жақында деректі фильм жарыққа шығады. Бұл жанжалға әкелуі мүмкін. Бірақ шындықты айтқымыз келеді. Бәрі қалай болғанын бүкпесіз айтқанымызды қаладым. Қыздардан қандай жолды жүріп өткені туралы шындықты айтуын сұрадық. Деректі фильмде мен де бұл туралы айтатын боламын. Қызық болады деп ойлаймын", - деді Баян Алагөзова Revuenews бағдарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.