Ақмола облысында Төтенше жағдай министрлігінің қызметкері жылқыны құтқару үшін 3 шақырым жүгірді

Оқиға Ақмола облысына қарасты Макинск қаласы маңында болған.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкері жануарды құтқару үшін 3 шақырым жүгіріп өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға Ақмола облысына қарасты Макинск қаласы маңында болған.

Малшының жылқысы көпір астындағы қалың қарға батып, қозғала алмай қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар алдымен жануарды қар құрсауынан босатып, жолға жақын жерге дейін сүйреп шығарған.

Кейін төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Бахтияр Абдрахманов тізгінді қолына алып, жылқымен бірге қалаға қарай жүгіріп барған. Осылайша ол жануарды қауіпсіз жерге жеткізуге көмектесті.