Астана қаласында жедел жәрдем бригадасының фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Оқиға орнында мас күйдегі екі ер адам болған, олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Медициналық қызметкерлер қажетті көмекті көрсетіп, кетуге дайындалған кезде ер адамдардың бірі агрессивті әрекет танытып, фельдшерге соққы жасаған.
Оқиға куәгерлері полиция қызметкерлерін шақырған. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Еске сала кетейік, 7 наурыздан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану мен қорқыту әрекеттері үшін жазаны күшейтетін Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енген.