Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек қандай тәртіппен төленетінін айтты. Президенттің айтуынша, алдын ала болжам бойынша төтенше жағдай кезінде 500 мыңға жуық азамат қаржылық қиындыққа душар болуы мүмкін. «Сол себепті, төтенше жағдай кезеңінде уақытша табысынан айырылған адамдарға шамамен 1 айлық жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай сайын төлеуді тапсырамын. Жалпы алғанда, бұл көмекті кемінде 1,5 миллион отандасымыз ала алады. Қажет болса, бізде мөлшерді ұлғайту, қолдау түріне қол жеткізу және кеңейту үшін барлық резервтер жеткілікті», – деді Президент.