Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мәжіліс Спикері өз дауысын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскесінде берді.
– Көңіл күйім жақсы. Бүгін барлық қазақстандықтың да көңіл күйі жақсы деп ойлаймын. Себебі бүгін – маңызды күн. Қазақстан халқына жаңа Конституцияның қабылдану-қабылданбауын шешу міндеті тұр. 15 наурыз еліміздің тарихында ерекше орын алады деп сенемін. Мен өз таңдауымды жасадым. Барлық қазақстандықты сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борышын орындауға шақырамын, – деді Ерлан Қошанов журналистердің сұрағына жауап бере отырып.