Атырау қаласындағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінің аумағында орналасқан №75 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 06:00-де өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл учаскенің ерте ашылуының өзіндік себебі бар. Өйткені, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Осыған байланысты әскери қызметшілер азаматтық борыштарын ертерек орындап, референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер жауынгерлік қызметке кірісіп, қала көшелері мен дауыс беру учаскелері орналасқан аймақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысады.
Айта кетейік, референдум күні қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық ұлан жауынгерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады.
Баян Жанұзақова