Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Референдум – азаматтардың саяси мәдениеті мен санасын дамытудың, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың және мемлекет тағдырына тікелей ықпал етудің ең маңызды механизмі. Бұл – әрбір азаматтың ел болашағын айқындауға нақты мүмкіндік алатын сәті, – деді Асхат Аймағамбетов.
Мәжіліс депутаты қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауға шақырды.