Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
– Бүгін – біздің еліміз үшін тағдыршешті күн. Бұл – өте жауапкершілікті іс. Себебі, біз болашақ ұрпағымыздың өмір сүру бағыт-бағдарын анықтап беріп жатырмыз. Ұлтымыздың ұстанатын басты құндылығын бекітіп беріп жатырмыз. Сондықтан кез келген азамат үлкен жүктемемен келіп, шешім қабылдап жатыр. Өзіміз үшін, болашақ ұрпақ үшін аса жауапкершілікпен таңдауымызды жасадық! Көппен көтерген жүк жеңіл. Кеңесіп пішкен тоң келте болмас, деп бекер айтпаймыз!, – дейді Үнзила Шапақ.
Депутаттың айтуынша, ол Астанадағы №130 учаскеге барып дауыс берген. Адам көптігінен кезекте біраз тұрғанын да сөз етті. Жалпы, бұл учаскеде 2 841 адам дауыс беру құқығына ие.