Референдум барысы туралы «AMANAT» партиясының байқаушысы Бақтияр Таубайұлының пікірін білген едік.
«Бүгін Қызылорда облысы Шиелі ауданының №289 дауыс беру учаскесінде референдум барысы халықаралық стандарттар мен заң талаптарына сай өтіп жатыр. Түстен кейін де дауыс берушілер саны саябырсыған жоқ. Ешқандай заңбұзушылық болған жоқ. Референдум – ел тағдыры мен болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын ерекше сәт. Сондықтан әрбір адамның референдумға қатысуы өте маңызды. Әр азаматтың дауысы – мемлекетіміздің дамуына, тұрақтылығы мен келешегіне қосылған үлес. Біз тәуелсіз елдің азаматтары ретінде қоғамдағы маңызды мәселелерге бейжай қарамай, өз пікірімізді білдіру арқылы ел болашағына жауапкершілікпен қараймыз. Референдумға қатысу – тек құқық қана емес, сонымен бірге азаматтық борышымыз. Әр дауыс – елдің ертеңі үшін жасалған қадам», – деді тәуелсіз байқаушы Бақтияр Таубайұлы.
Бұған дейін Ұлытау облысындағы референдумның барысы туралы хабарлаған болатынбыз.