Бүгін азамат ретінде өз пікірімді білдірдім – Ермахан Ыбрайымов

Республикалық референдумға 6 471 378 азамат қатысып, халықтың 51,93%-ы дауыс берді.

Белгілі спортшы Ермахан Ыбрайымов жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, бүгін ол азамат ретінде өз таңдауын жасаған.

– Бүгін референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Әрқашан елімнің намысын қорғап келдім, ал бүгін азамат ретінде өз пікірімді білдірдім, –  деді Ермахан Ыбрайымов.

Айта кетейік, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, референдумға 6 471 378 азамат қатысып, халықтың 51,93%-ы дауыс берді.