Қазақстанда шетелдік жетекші университеттердің филиалдары көптеп ашылуда. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республикалық референдум аясында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафон барысында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сондай-ақ министр Саясат Нұрбек Қазақстандағы білім мен инновацияны дамыту стратегиясына да тоқталып өтті.
Ведомство басшысының айтуынша, соңғы төрт жылда Қазақстанда 33 шетелдік университеттің филиалы ашылып, 40-қа жуық стратегиялық серіктестік орнатылды.