Омер Коджаман: «Қазақстан – қуатты түркітілдес мемлекеттердің бірі»

Егер жаңа Конституция қабылданса, елдің даму мүмкіндіктері одан әрі кеңейеді.

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қазақстан – қуатты түркітілдес мемлекеттердің бірі. Құрылымы да серпінді. Сондай-ақ аймақта үлкен күшке ие. Егер жаңа Конституция қабылданса, елдің даму мүмкіндіктері одан әрі кеңейеді», – деді спикер.