АҚШ пен Израиль шабуылдарынан Иранда 29 мыңнан астам азаматтық ғимарат бүлінді - Қызыл жарты ай ұйымы

Сондай-ақ ол шабуылдар салдарынан 120 білім беру мекемесі де зақымданғанын айтты

Иранның Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Пир Хоссейн Коливанд АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан елде 29 мыңнан астам азаматтық ғимарат зақымданғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 29 146 тұрғын үй мен азаматтық нысан шабуылдардан зардап шеккен. Сонымен қатар 236 медициналық орталыққа да зақым келген. Коливандтың мәліметінше, әскери нысандарды есептемегенде, ел бойынша барлығы 54 550 ғимарат түрлі деңгейде бүлінген.

Сондай-ақ ол шабуылдар салдарынан 120 білім беру мекемесі де зақымданғанын айтты.

Иран билігінің дерегінше, АҚШ пен Израильдің соққылары нәтижесінде 1348 адам қаза тауып, 17 мыңнан астам адам жараланған.