Әскери бөлімде тұсаукесер дәстүрі өтті

Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай Қарағанды қаласында орналасқан 5451 әскери бөлімінде қазақтың ұлттық салттарының бірі – тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Тағылымға толы іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әскери қызметшілер мен олардың отбасылары арасында салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Салтанатты рәсім барысында бүлдіршіннің тұсауын әскери бөлім командирі, полковник Рауан  Омаров кесіп, балаға ақ жол, жарқын болашақ тіледі. Тұсаукесер – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бұл рәсім арқылы балаға өмір жолы ашық, қадамы нық, болашағы жарқын болсын деген ақ тілектер айтылады.

Аталған мәдени іс-шара әскери бөлімнің Аналар кеңесі мен Сарбаздар аналарының кеңесімен бірлесе ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар қазақ халқының тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлері туралы айтып, ұлттық құндылықтардың маңызына тоқталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тағылымды шаралар әскери қызметшілер арасында бірлік пен ынтымақты нығайтып қана қоймай, жас ұрпаққа ұлттық тәрбиені насихаттауға үлкен үлес қосады.

Іс-шара соңында қатысушылар балаға ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.