Қазақстанның Азаматтық альянсы: Жаңартылған Конституция - бұл үлкен жолдың бастауы

Процестің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде тәуелсіз байқаушылар мен сарапшылардың рөлі ерекше болды.

Қазақстанның Азаматтық альянсы 15 наурызда өткен республикалық референдум жай ғана дауыс беру науқаны емес, ұлттық бірліктің шынайы көрінісіне айналғанын мәлімдеді. Саяси науқанға 73 пайыздан астам қазақстандықтың қатысуы және азаматтардың шамамен 90 пайызының Конституцияның жаңа редакциясын қолдауы - бұл жай ғана статистика емес.

«Бұл - халық еркінің тікелей көрінісі әрі әрбір азаматтың Әділетті Қазақстанды құруға деген саналы ұмтылысы.

Процестің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде тәуелсіз байқаушылар мен сарапшылардың рөлі ерекше болды. Дәл сіздердің ұстанымшылдықтарыңыз бен ашықтыққа негізделген жұмыстарыңыз дауыс беру нәтижелеріне деген жоғары қоғамдық сенімнің берік негізін қалыптастырды.

Жаңартылған Конституция - бұл біздің жаңа қоғамдық келісіміміз. Бұл - үлкен жолдың бастауы. Біз азаматтық қоғам өкілдерін қабылданған нормаларды іске асыру жолында осы жасампаз күш-қуатты сақтауға шақырамыз.

Әрқайсыңызға азаматтық батылдықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және құқықтық мемлекетімізді дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!», - деп мәлімдеді Қазақстанның Азаматтық альянсы.