Жаңартылған экспозиция терең ғылыми зерттеулерге негізделіп, заманауи мультимедиялық технологиялармен үйлестірілген.
Музейдің 2025-2026 жылдардағы реэкспозициясы соңғы 13 жылдағы ең ауқымды қайта құру жобасы ретінде алғаш рет жүзеге асырылды. Жобаның негізгі мақсаты – өңір тарихын қазіргі ұрпаққа терең әрі мазмұнды түрде ұғындыру, оған жаңаша көзқарас қалыптастыру. Экспозициялық залдарда тақырыптық инсталляциялар, интерактивті аймақтар, мультимедиялық киоскілер, голограммалар мен проекциялық жүйелер орналастырылған. Келушілер архивтік құжаттармен сенсорлық экрандар арқылы танысып, сирек экспонаттар жөнінде кеңейтілген ақпарат ала алады.
Музей экспозициясы 13 залдан тұрады және өңір тарихын көшпелі империялар дәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңіне дейінгі уақытты қамтиды. Экспозицияда археологиялық олжаларға, қола және ерте темір дәуірі жәдігерлеріне, қазақ халқының материалдық мәдениетіне, сондай-ақ Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының қалыптасу тарихына айрықша назар аударды.
Жиынға Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысы басқарма басшылары, Мәдениет және ақапарат министрлігі Мәдениет комитетінің өкілдері, Ұлттық музей және облыстық музей басшылары, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ғалымдары, танымал қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.