Із-түзсіз жоғалған 15 жастағы жасөспірім Шымкенттен табылды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астанада із-түзсіз жоғалған жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, туыстарына тапсырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 16 наурыз күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалып кеткен жасөспірім Шымкент қаласынан табылған.

— 16 наурыз күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із-түзсіз жоғалған жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, туыстарына тапсырылды, — делінген ІІМ хабарламасында.