17 наурызда ауа райы қандай болады?

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Қазгидромет 17 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда күндіз шаңды дауыл болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысында тұман күтіледі. Қостанайда тұман болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Павлодарда тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Петропавлда тұман түседі.

Астанада кей уақыттарда тұман болады. Жолдарда көктайғақ болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Көкшетауда жолдарда көктайғақ болады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.