Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңін бір медальмен аяқтады

Финалға екі гимнаст қана жолдама алды.

Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, ірі турнирде Қазақстан құрамасының сапында Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов, Роман Маменов, Нұртан Ыдырысов, Амели Мукушева және Амина Халимарден өнер көрсетті.

Алайда финалға екі гимнаст қана жолдама алды. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс медаль жеңіп алды.

Ал Роман Маменов қол тіреп секіруден финалға өтті. Нәтижесінде жетінші орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңін бір күміс медальмен аяқтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.