Халық әртісі Мақпал Жүнісова дос туралы пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әнші Нұрлан Албанға берген сұхбатында кейбір адамдардан көңілі қалғанын жасырмады. Айтуынша, бұған жақын деген жандардың қуанышқа ортақ бола алмағаны себеп болып жатады. Сондықтан бәрімен ашылып сырласа бермейтінін айтты.
«Өмірде кейде жетістікке жетіп, марапат алып жатасың. Еңбегім еленіп жатыр ғой деп қуанасың. Сол кезде қасыңда жүрген, тіпті досым деп жүрген адамдар құттықтамайды. «Қашан алып едіңіз?» деп, естімегендей болады. Бір жылдан кейін айтатындары бар. Қазір ешкімге мұңымды шақпайтын болдым. Енді "Осындай болып жатыр, мынадай жетіспей жатыр" деп ешкімге әңгіме айтпаймын. Қазір бәрін қызыма айтамын», – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.