Таубаевтар отбасы – береке мен бірліктің, сыйластық пен түсіністіктің үлгісін көрсетіп отырған өнегелі шаңырақтардың бірі. Отағасы Марат Таубаев пен отанасы Динара Таубаева 2011 жылы Шымкент қаласында өткен тойда танысып, 2012 жылы шаңырақ көтерді.
Бүгінде бұл отбасы үш ұл тәрбиелеп отырған бақытты жанұя. Олар балаларына сапалы тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруді басты міндет санайды. Әке мен ананың өзара сыйластығы мен жауапкершілігі – ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі тірек.
Таубаевтар отбасы Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімінде қызмет атқара отырып, қызмет пен отбасылық өмірді үйлесімді ұштастырып келеді. Әскери тәртіп пен жауапкершілік олардың күнделікті өмірінде де айқын көрініс табады.
Бұл шаңырақ үшін Наурыз мейрамының орны ерекше. Ұлыстың ұлы күнін олар әрдайым ерекше ықыласпен қарсы алып, дастарқан жайып, ұлттық тағамдар әзірлейді. Балаларына Наурыздың мән-маңызын түсіндіріп, салт-дәстүрді дәріптеуді дәстүрге айналдырған. Туыстар мен жақындарды жинап, мерекені бірге қарсы алу – олардың отбасы дәстүрінің ажырамас бөлігі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.