Әлеуметтік желілерде 16 наурызда Шыңғырлау аудандағы шенеуніктің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық әрекеті үшін күдікті ретінде танылып, бірақ ұсталмағаны айтылады. Оның жерлеу рәсімі 19 наурызға жоспарланғаны айтылады, бірақ өлім себебі жарияланбаған.
Бастапқы ақпаратқа сәйкес, полицияға қыздың әкесі шағымданған, бірақ кейінгі тергеу барысында зорлық дерегі расталмағаны анықталды. 16 жастағы қыз бен оның анасы күдіктіден шағым жоқ екенін мәлімдеген.
Оқиға бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр. Күдікті Шыңғырлау ауданы әкімдігінің бір бөлімінде жұмыс істеген және шағым түскеннен кейін қызметінен босатылған.