«Өмірімдегі ең дұрыс шешім»: актриса Әсел Сәдуақасова жаңалығын жеткізді

Актриса Балиде демалған ұнайтынын жеткізді.

Актриса, продюсер Әсел Сәдуақасова әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Желі қолданушыларының көбі актрисадан неге Балиде тұрып жатқанын сұраған. Өнер иесі Қазақстан өзіне қатты ұнайтынын, оның ішінде Алматыны ерекше жақсы көретінін айтты. Бірақ жайлы жерге үйреніп алмау керек деп санайды.

«2000 жылдан бері Алматыда тұрдым. Онда мені таниды, жақсы көреді, достарым көп. Мүмкіндіктер де көп. Кейде өзіңе көп назар болғаннан да шаршайсың. Ондайда үзіліс алу керек болады. Қалпыңа келіп, қайта оралу үшін. Балиде осылай біраз уақыт тұрған ұнайды. Танымал болған өте жақсы, бірақ кез келген дүниенің екі жағы бар. Ал теріс жағы туралы айтсақ, біздің жүйкеміз үнемі жұқарып жүреді. Егер оны уақытында байқамасаң, денсаулығың нашарлап, психикаға кері әсер етуі мүмкін. Мен Балиге көшу туралы шешімді кенеттен қабылдадым және бұл өмірімдегі ең дұрыс шешімнің бірі болды», – дейді ол.

Актриса Балиде демалған ұнайтынын жеткізді. Бұл тыныш мекенді денсаулығы үшін де таңдағанын жасырмады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.