«Бұрын "Машалла", "Әлхәмдулилла" деген сөздерсіз қалай өмір сүрдік?»: Баян Алагөзова қазақ тілінің тазалығы туралы пікір білдірді

Оның бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі көзқарас тудырды.

Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінің тазалығы туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол соңғы уақытта күнделікті қолданыста жиілеп кеткен кейбір діни сөз тіркестеріне қатысты өз ойын ашық жеткізген. Продюсердің айтуынша, қазақ тілі – бай әрі өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын тіл.

«Бұрын біз “МашАлла”, “Әлхамдулилла” деген сөздерсіз қалай өмір сүрдік? Қазақ тілі бай әрі өзін-өзі толық қамтитын тіл, мұндай сөздерсіз де болады ғой?» – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Оның бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі көзқарас тудырды. Бірі продюсердің пікірін қолдаса, енді бірі бұл сөздердің рухани мәні мен маңызын алға тартты.