Соңғы 5 жылда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты ұлғайды

Елімізде көктемгі егіс және егін жинау жұмысы бойынша екі жыл қатарынан рекордтық астық өнімін жинады.

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін тұрақты түрде дамытып, әлемдік астық нарығындағы орнын нығайтып келеді. Оған себеп – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің артуы, заманауи агротехнологиялардың енгізілуі, мемлекеттік қолдау экспорт көлемі өсуі. Оған қоса, кезеңінде мемлекеттік қолдау, қолайлы ауа райы жағдайы және заманауи технологияларды қолданудың арқасында елімізде көктемгі егіс және егін жинау жұмысы бойынша  екі жыл қатарынан рекордтық астық өнімін жинады.

Біле білсеңіз, қазақтың астығы әлемнің 72-ден астам еліне экспортталады. Соның ішінде Орталық Азия елдері Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ауғанстан нарығында біздің астыққа сұраныс өте жоғары. Тіпті соңғы жылдары  еліміз экспорт географиясын кеңейтіп,  астықты Экспорттың негізгі бағыттары – Орталық Азия елдері, Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Еуропа одағы елдері, Ауғанстан, Түркия және Қытай. Соңғы бес жылда агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 1,8 есе өсіп, 3,8 миллиардтан 7 миллиард АҚШ долларына жетті.

Енді еліміз астықты өндіру ғана емес,  терең өңдеу де басты назарға алып отыр. Осыған орай биыл елімізде осындай инвестициялық жоба қолға алынады. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Қазақстан – Қытай  шекарасында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған ірі өнеркәсіптік хаб пайда болатынын хабарлады.

– Бұл ірі жобаның құны 1 млрд теңгеге жуықтайды. Онда ауыл шаруашылығын терең өңдеп,  Қытай нарығына экспорттаймыз. Қазір белді әрі ірі халықаралық компаниялармен келісім жасалып жатыр. Агроөнеркәсіп  индустриялды хаб құрылысы  күн жылынғанда басталады, – дейді «Kazakh Invest»   ұлттық компаниясының басшысы Сұлтанғали Кенжеқұлов.

Сонымен қатар, 2028 жылға қарай 4,8 миллион тонна астық өңдеуге әлеуетті бес ірі жоба қолға алынады. Оның жалпы құны – 2,6 млрд доллар. Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Ақмола облыстары мен Астана да бой көтеретін зауыдтар нарықта 2 мың тонна астық сатып алынады делінген. Қосылған құны дайын Жоғары өнімдер АҚШ, Еурова, қытай елдеріне Үндістан, ТМД, Таяу шығыс пен африкаға экспортқа шығарылады.

Басты мақсат – 2036 жылға қарай өнім өндіру және жеткізу бойынша жетекші он елдің қатарына ену. Өйткені былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап, 2026 жылдың наурызға дейінгі кезеңде астық пен ұнның астық баламасындағы экспорты 8,9 млн тоннаға жеткен. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық шыққан. Осындай деректермен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бөлісті.