Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы кестесі өзгерді
Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы кестесі өзгерді
Фото: Интернеттен алынды
134
оқылды
Ертеңнен бастап Алматыда қоғамдық көліктер кешкі сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қоғамдық көлік жұмысының мониторингі мен талдауы жолаушылар ағынының 70 пайызға төмендегенін көрсетті. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық маршруттардың жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жоспарлы 95 пайыз шығумен штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырды. Қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылды. Қоғамдық көлік кестесі өзгергенмен автобустар саны қысқармайды. Бұл мәселе метро қозғалысына қатысты емес. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ