Астана халықаралық әуежайында 20-дан астам рейс кешігіп жатыр

Мамандардың айтуынша, кешігуге ауа райы әсер еткен жоқ.

Астана халықаралық әуежайында қазіргі уақытта ұшып келу және ұшып кету бағытындағы 20-дан астам рейс кешіктіріліп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, кешігудің ішінде 14 рейс – ұшып келу, 9 рейс – ұшып кету бағытында. Мамандардың айтуынша, кешігуге ауа райы әсер еткен жоқ.

Әуежай жолаушыларына рейстердің уақытын алдын ала әуе компанияларының байланыс орталықтары немесе ресми сайттағы кестеден тексеру ұсынылады.