Астанада туристік компанияда жұмыс істеген 27 жастағы ер адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Құзырлы органдардың мәліметінше, күдікті өзін туристік компания қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға Мекке қаласына қажылық сапарын ұйымдастыруды уәде етіп, алдын ала миллиондап теңге жинаған. Бірақ уәде орындалмаған.
Алдын ала тергеу барысында 13 эпизод анықталған. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2,2 миллион теңгені құрайды. Тергеу барысында жәбірленушілер саны артуы мүмкін.
Қазіргі уақытта күдіктінің өзге ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.