Әнші Дастан Оразбеков әлеуметтік желідегі парақшасында ажырасу туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі қазір қоғамда ажырасу көбейгеніне алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар ерлі-зайыптыларға бір-бірін түсініп, көбірек сөйлесуге кеңес берді.
"Ажырасу — жүрекке ауыр тиетін тақырыптардың бірі. Ешбір отбасы бұл жолды оңай таңдамайды… Бірге боламыз деп қосылған соң, қолдан келгенше бір-бірімізді тыңдайық. Жай ғана тыңдау емес — шынайы түсініп, қолдап, сезіне білейік. Бәлкім, дәл сол сәтте бір сөз, бір қолдау бір отбасының сақталып қалуына себеп болар… Сіз қалай ойлайсыз? Ажырасудың алдын алуға бола ма?", - деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.