World Boxing ұйымы әйелдер және ерлер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әйелдер арасында Аида Әбікеева 65 келіде, Наталья Богданова 70 келіде бірінші орында. Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова екінші, Виктория Графеева мен Елдана Талипова үшінші орында.
Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай 50 келіде, Махмұд Сабырхан 55 келіде, Төрехан Сабырхан 70 келіде, Айбек Оралбай 90+ келіде әлемдік рейтингіде көш бастап тұр.
Ал Нұрбек Оралбай екінші орында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.