Майамидегі турнирде Рыбакинаның қарсыласы белгілі болды

Елена Рыбакина турнирдің екінші айналымында отандасымен жолығады.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA-1000 санатындағы Майами турнирінің екінші айналымына жолдама алып, қазақстандық спортшы Елена Рыбакинамен кездеседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Индонезиялық теннисші Джанине Ченге қарсы матчта Путинцева ерік-жігер танытып, жеңіске жеткен болатын. Оның ойындағы көрсеткіші – 3:6, 6:3, 6:4. Кездесу 2 сағат 6 минутқа созылды. Ойын барысында Путинцева екі эйс жасады. Ал қарсыласы 12 эйс орындап, 9 қос қателік жіберген.

Осылайша, Юлия Путинцева турнирдің екінші кезеңіне өтті. Келесі ойында ол отандасы Елена Рыбакинамен кортта жолығады.