Талғат Орынбасар дзюдодан Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақтың финалында бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы дзюдодан Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде Артем Лесюктен (Украина) басым түсті.

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақтың финалында бақ сынайды.