Актер Асқар Жұмабектің тағы басы дауға қалды (видео)

Желі қолданушылары бұл жағдайды белсенді талқылап жатыр.

Әлеуметтік желіде актер Асқар Жұмабектің жанжал шығарғаны туралы ақпарат тарады , – деп жазды Aikyn.kz insta_juldyzdar_kaz парақшасына сілтеме жасап. 

Жәбірленуші қыздың айтуынша, оқиға 20 наурыз күні таңертең түсірілім алдында болған. Ол актер бұған дейін бірнеше рет түсірілімге кешігіп, кейде мүлде келмей қалғанын айтып, сол күні оны ертерек оятуды сұрағанын жеткізді.

Осыған байланысты қыз сағат 8:30-дан бастап хабарласып, оның уақытында келуін қадағалаған. Алайда актер түсірілім алаңына келген соң «тым ерте ояттың» деп наразылық білдіріп, агрессия танытқан.

Айтуынша, жағдай ушығып, актер тарапынан физикалық күш қолдану әрекеті болған. Оқиға орнында болған видеограф әріптесінің арқасында жағдайдың алдын алу мүмкін болған.

«Маған өте қорқынышты болды», — дейді ол.

Ал актер бұл жағдайға түсініктеме беріп, қыз оятқан соң да қайта-қайта хабарласып, мазасын алғанын айтты.

Желі қолданушылары бұл жағдайды белсенді талқылап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Асқар Жұмабек осындай даулы оқиғаларға іліккен. 2023 жылдың қазан айында Алматы қаласының Бостандық аудандық №2 соты оны караоке-бардағы төбелеске қатысқаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл 6 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Кейін, 2024 жылдың 20 тамызында ҚР Жоғарғы соты үкімді қайта қарап, жаза мерзімін 4 жыл 15 күнге дейін қысқартты. Кейін ол бір жылға жуық уақыт өтеген соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.