Қазгидромет 21 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Атырауда да күндіз шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Қарағандыда кей уақыттарда тұман болады.
Ұлытау облысында облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей кезде 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Қостанайда тұман болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Көкшетауда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Павлодарда тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады.
Астанада тұман, көктайғақ болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.