Наурыз мерекесіне орай алда ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Осы орайда ҚазАвтоЖол көлік жүргізушілеріне ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Осы мерекелік кезеңде автокөлікпен сапарға шығатын барлық жүргізушілерден жолда барынша мұқият болып, жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Жол – бәрімізге ортақ. Әрбір сапар қауіпсіз әрі сәтті өтуі үшін жылдамдықты асырмай, жол белгілері мен талаптарын бұлжытпай орындау аса маңызды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында 1500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысаны қарастырылғанын естеріңізге саламыз. Ұзақ жолға шыққанда міндетті түрде осы нысандарға тоқтап, тынығып алыңыздар. Бұл – шаршаудың алдын алып, жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың тиімді жолы», - делінген хабарламада.
1403 байланыс орталық тәулік бойы жүргізушілерге қолдау көрсетуге дайын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.