Тасқынның алдын алу – қауіпсіздік кепілі

Шығыс Қазақстанда көктемгі су тас­қы­нына дайындық қызу. Қазіргі уақытта тас­қынның бірінші кезеңіне белсенді әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көпжылдық бақылауларға сәйкес, су тасқынының бірінші кезеңі өзендердің мұз құрсауы­нан ашылуы кезінде, яғни нау­рыз айының екінші онкүнді­гінің соңынан сәуір айының екінші онкүндігінің аяғына дейін байқалады. Осы кезеңде Қара Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Күршім, Абылайкит, Ақсу  өзендерінде мұз кептелістерінің болу қаупі бар.

Облыста 1 ақпаннан бастап жоғары дайындық режимі енгізілді. Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб­тың тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылған. Су басу қаупі бар әр елді мекен бойын­ша жергілікті атқарушы орган­дардың, қалалар мен аудан­дар­дың төтенше жағдайлар бө­лім­дерінің жауапты тұлғалары бекітілді.

Жалпы, Шығыс Қазақ­станда су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары алдын ала басталған. Әуелі тасқынға қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді.

2025 жылдың жаз-күз мез­гілдерінде инженерлік жұмыс­тар жоспарына сәйкес 10 қала, ауданда 28 іс-шара орындалды. Атап айтқанда, Риддер қала­сында – 1, Глубо­кое аудан­ын­да – 5, Катон­қарағай ауданында – 4, Самар ауданында – 1, Мар­қа­­көл аудан­ында – 3, Ал­тай аудан­ында – 3, Үлкен Нар­ын ауда­нында – 1, Шемонаиха аудан­ында – 8, Ұлан ауданында – 3, Күршім ауданында 1 іс-шара ұйымдастырылды.

Осы жылдың 9-15 ақпаны аралығында жергілікті атқару­шы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығына жұмыс топтары тексеру жүргізді. Тек­серу нәтижелері бойынша акті­лер жасалып, қажетті ұсын­ыстар берілді.

Ақпан айының үшінші он­күн­дігінен бастап канал­дар­ды, арықтарды, су өткізу құры­лы­с­­тарын және көпірлерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінде су тас­қынына қарсы іс-шара­лар­дың 84,4%-ы орындалды. Айталық, ка­нал­дардың – 81,8%-ы, арықтардың – 74,3%-ы, су өткізу құры­лыстарының  – 86,1%-ы, кө­пір­лердің 90%-ы тазартылды.

Елді мекендерден 335 мың текше метр қар шығарылды. Материалдық қорлар да сақа­дай-сай тұр. Қорда 82 мың дана ыдыс-қап, 10,2 мың тонна инерт­ті материал, 393 тонна жанар-жағармай бар.

Су тасқынының алдын алу мақсатында 7 аудан, атап айт­қан­да, Алтай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Күршім, Шемо­наиха, Катонқарағай, Глубокое аудан­дары әкімдіктері мұз кептелісі болуы мүмкін 20 учаскені ан­ық­тады. Бекітілген кестеге сәй­кес, Шемонаиха аудан­ын­дағы 2 учаскеде, Марқакөл аудан­ындағы 5 учаскеде және Алтай ауданындағы 1 учаскеде тиісті жұмыстар жүргізілді.

Ахуал күрделене қалған жағ­дайда әрекет ету үшін жер­гілікті атқарушы органдардың, Төтенше жағдайлар депар­таментінің және азаматтық қорғау қызметтері құрама­ла­рының 3677 адамнан тұра­тын, 556 техника, 75 жүзу құ­ралы және 234 мото­пом­­палармен қамтамасыз етілген күш­тері мен құралдары дайындалды.

Көктем кезінде төтенше жағ­дай туындау қаупі болған кезде облыстың азаматтық қорғау жүйесінің, Ұлттық ұлан­ның және Қорғаныс министр­лігінің күштері мен құралдары кезең-кезеңімен жұмылды­рылады. 

Қосымша мониторинг жүр­гізу және жедел әрекет ету мақ­са­тында Алтай ауданына 68303 әскери бөлімінің 24 әскери қызметшісі жіберілді. Зардап шеккен тұрғындарды қабылдау үшін 137 эвакуациялық қабыл­дау пункті анықталды, олардың жалпы сыйымдылығы 13 мың адамды құрайды.

Халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 411 рейд ұйым­дастырылып, 12 мыңнан астам жадынама таратылды.

Су тасқыны қаупі күрде­ленген жағдайда, халықты құ­лақ­тандыру 48 сиреналық-сөйлеу құрылғысы, СМС-тарату, телерадиода хабарлама­мен шығу және «Дәрмен» мо­биль­ді қосымшасы арқылы жүр­гізіледі. Бұдан бөлек, тө­тен­ше жағдай туындаған кезде «Масс Алерт» халықты хабар­дар ету жүйесі іске қосылады. Жалпы, облыс бойынша су тасқыны қаупі жіті бақылауда тұр.

Арда БЕКЖАН