Аты аңызға айналған әртіс Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті

Қаралы хабарды актердің отбасы әлеуметтік желілер арқылы жеткізді. Жақындарының айтуынша, ол жуырда ауруханаға түскен.

Аты аңызға айналған америкалық әртіс әрі жекпе-жек шебері Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қаралы хабарды актердің отбасы әлеуметтік желілер арқылы жеткізді. Жақындарының айтуынша, ол жуырда ауруханаға түскен. Олар жанкүйерлерге қолдау мен дұға үшін алғыс білдіріп, осы қиын сәтте отбасының жеке өміріне түсіністікпен қарауды сұрады.

Чак Норрис 1940 жылы 10 наурызда АҚШ-та дүниеге келген. Ол еңбек жолын каратэ нұсқаушысы ретінде бастап, жекпе-жек өнерінде үлкен жетістіктерге жетіп, бірнеше мәрте чемпион атанған. Кейін өз мектебін ашып, бұл бағытта да біраз танылды.

1970-жылдары кино саласына келіп, боевик жанрындағы фильмдер арқылы әлемге әйгілі болды. Әсіресе, Walker, Texas Ranger сериалы арқылы көрерменнің сүйікті кейіпкеріне айналып, әділдік үшін күресетін батыр бейнесімен есте қалды.

Ол тек актер ретінде ғана емес, жекпе-жек өнерінің дамуына үлес қосқан тұлға ретінде де тарихта қалды.