Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлайды: ескерту жарияланды

Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдайлар атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін факторлармен байланысты.

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты кезекті болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Синоптиктердің мәліметінше, 22 наурыз күні Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдайлар атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін факторлармен байланысты. Олардың қатарында тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және ауа инверсиясы бар.

Осыған байланысты аталған қалаларда атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.