Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында Наурыз мейрамына орай құттықтау жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Спортшы Ұлыстың ұлы күні халыққа бауырсақ ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
«Наурыз мейрамы құтты болсын! Осы тамаша мерекеде сіздерге қуаныш сыйлағаныма өте қуаныштымын», – дейді ол.