Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында жол жиегінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Бұл туралы ақпарат алғаш рет әлеуметтік желілерде тараған.
Куәгерлердің айтуынша, жол шетінде жатқан пакеттің ішінен шамамен 6-7 айлық шарананың мәйіті табылған.
Осы оқиғаға байланысты Ақмола облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.