Иран төңірегіндегі қақтығыстың ұзаққа созылуы әлемдік энергетика нарығына ауыр соққы болуы мүмкін. Reuters мәліметінше, мұндай жағдай мұнай мен газ бағасының күрт өсуіне алып келіп, ақырында бүкіл жаһандық экономикаға әсер етеді .
Әсіресе Еуропа елдері қатты зардап шегуі ықтимал. Германия мен Италия сияқты өндірісі дамыған мемлекеттер энергия бағасының өсуіне тәуелді болса, Ұлыбританияда электр энергиясының бағасы газға тікелей байланысты. Ал Жапония мұнайдың басым бөлігін Таяу Шығыстан алатындықтан, жағдай оның экономикасына да қысым түсіреді .
Сарапшылар дамушы елдердің де осал екенін атап өтеді. Үндістан, Түркия және Парсы шығанағындағы мемлекеттер импортқа тәуелді болғандықтан, бағаның өсуі мен жеткізілімнің бұзылуы олардың экономикасына тікелей әсер етеді. Кейбір елдерде инфляция күшейіп, ұлттық валюталар әлсірей бастаған