Алматы облысының Қарасай ауданында таулы аймақта екі адам адасып қалды. Оқиға ер адамның автокөлігі лайға батып қалғаннан кейін басталған. Ол эвакуатор шақырып, құрбысымен бірге көлікті қарсы алуға шыққан, алайда жолдан жаңылып, бағытынан адасқан.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы жіберілді. Құтқарушылар қысқа уақыт ішінде жоғалғандардың нақты орналасқан жерін анықтап, оларды тауып алды.
Сонымен қатар, құтқарушылар батпақ пен қар аралас жерде қалған автокөлікті шығарып, оны қауіпсіз жолға жеткізді.
Құтқарылған азаматтар эвакуацияланып, қалаға жеткізілді. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.