"Челси" дәрігерлерінің кеңесінен кейін 17 жастағы Дастан Сәтбаев Қазақстан құрамасынан шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде денсаулығын толыққанды қалпына келтіруі керек.
Бас бапкер Талғат Байсуфиновтың айтуынша, Сәтбаевтың орнына ұлттық құрамаға Көкшетаулық «Оқжетпес» клубының ойыншысы Оралхан Өміртаев шақырылды.
"Футболшының жағдайы жақсы, ұлттық құраманың тапсырмаларын орындауға дайын. Ал Дастанның жағдайын Қазақстан құрамасының медициналық штабымен бірге талқылап, барлық мәліметті саралай келе, оған толыққанды оңалудан өтуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылдадық" деді ол.
Айта кетейік, 17 жастағы шабуылшы наурыз айының соңында Астанада өтетін ФИФА аясындағы жарысқа шақырылған ұлттық құраманың түпкілікті тізіміне енген болатын.