Әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айтуынша, келініне сырға салып, құда-құдағи атанған. Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның Кенжебек Жанәбіловтің шаңырағына барған видео жарияланды. Белгілі болғандай, Жанболат пен Жазираның келіні – Кенжебек Жанәбіловтің балдызы.
««Аллаға шүкір, бүгін – жүрегімізді қуанышқа бөлеген, ерекше бақытты күніміз. Қазақтың салт-дәстүрімен, ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, құдалар болып, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл – екі әулеттің табысқан, берекелі бастамасының белгісі. Алла тағала осы қуанышымызды баянды етіп, жас жұбайлардың отауына махаббат пен береке нәсіп етсін. Тіл-көзден сақтасын», – деп жазды Жазира Байырбекова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.