Роза Рымбаева Әлия, Мәншүк есімді қыздары туралы айтты (видео)

Әнші балалардың болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алған.

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева басынан өткен оқиғасын айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші екі ұлымен бірге Әлия, Мәншүк есімді қайын ағасының қыздарын бауырына басқан. Өнер иесі қайғылы жағдай болғанда, жауапкершілікті өз мойнына алғанын жеткізді. 

«Тасқын өзі ауылдан алып келіп, “Cен музыкант боласың” деп Әлияны оқытқан. Сол кезде анасы мен әкесі бірінен кейін бірі өмірден өтті. Содан мен бірден шешім қабылдадым. Бұл екі қыз менімен тұрады дедім. Менің екі ұлым не жесе, не кисе, бәріміз бір отбасы боламыз деп, екі қызды қолыма алдым. Сол кісілердің аманаты деп қабылдадым. Енді осы отбасыға мен жауаптымын дедім. Жеңіс ағаның алты қызы да менің қыздарым. Әлі күнге дейін олардан маған деген ризашылық, құрмет, махаббат көремін. Себебі олар мені анасының орнына ана деп санайды», – деді әнші.

Әлия мен Мәншүк Роза Рымбаеваға алғыс айтып, анасындай қамқор болғанын айтты. Бүгінде олар отбасын құрып, үлкен өмірге қадам басқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.