Жамбыл облысында инженерлік-саперлік полктің дайындығы тексерілді

Комиссия полк қызметінің ұйымдастырылуын, қару-жарақ пен инженерлік техниканың жайын, сонымен қоса жеке құрамның кәсіби даярлығын көрді.

Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясы инженерлік-саперлік полкіне кешенді тексеріс жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Инженерлік бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Олардың инженерлік барлау жүргізуге, кедергілерді еңсеруге және инженерлік жарақтардан өткелдер жасауға дайындығы бақыланды.

Комиссия бұдан басқа, әскери қызметшілердің тактикалық, атыс және дене шынықтыру даярлығының деңгейін, олардың радиациялық, химиялық және биологиялық қауіптілік жағдайында жасайтын іс-әрекетке дайындығын тексерді.

Бөлімшелердің күнделікті қызметін ұйымдастыруға, әскери тәртіптің жай-күйіне және әскери ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға да баға берілді.

Инженерлік-саперлік полктің дайындық деңгейін және оның мақсатына сай міндеттерді орындауға қаншалықты дайындығын кешенді бағалау негізінде комиссия бөлімше қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсынымдар әзірледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.